×

«Әр іс жеке тексерілуде»: Қорғаныс министрлігі қаза тапқан сарбаздардың аналарымен өткен кездесулер жайлы айтып берді

«Әр іс жеке тексерілуде»: Қорғаныс министрлігі қаза тапқан сарбаздардың аналарымен өткен кездесулер жайлы айтып берді
Raul Uparov

Қорғаныс министрлігі мерзімді қызмет кезінде қаза тапқан сарбаздардың аналары қатысқан кездесудің алғашқы қорытындылары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министр Қаныш Әубәкіровтің айтуынша, отбасылардан түскен барлық өтініш әр жағдай бойынша жеке қаралып жатыр, ал прокуратура тексерістерді жалғастырып келеді.

Әубәкіров кездесудің басты мақсаты – әрбір ананы жеке тыңдап, тергеу барысына қатысты толық түсініктеме беру болғанын атап өтті.

«Прокуратура барлық факті бойынша құқықтық баға беріп, тексеру жүргізіп жатыр», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, әңгіме әрбір анамен жеке форматта өткен.

«Аналардың негізгі өтініштерін тыңдадық. Әрқайсысымен жеке сөйлестік. Әр бағыт бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа тек біз ғана емес, басқа da мемлекеттік органдар да қатысуда», — деді Әубәкіров.

Министрлік өкілдері отбасыларға тексеріс қорытындылары шыққан сайын ақпарат берілетінін, ал сарбаздардың қазасына қатысты барлық жағдайлар қадағалаушы органдардың бақылауында екенін жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →