×

Ақмола облысында кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін

Ақмола облысында кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Polisia.kz

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады. Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін.

“Қылмыстық топтың қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның “Subaru Outback” автокөлігін тартып алғаны анықталды. Бүгінгі күні ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бары белгілі болды. Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер «ұрылар идеологиясын» ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған. Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді”, –  делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен «Бопсалау» сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Бүгін, 13:30

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды
Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді
Ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды  
Сарапшы көбінесе тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратын секторлық антенналардың жұмыс істеу принципіне жеке тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →