×

Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды

Бір минут үнсіздікпен еске алды

Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске алу іс-шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен аяқталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →