×

Астанадағы көптеген автотұрақ тегін болады

Астанадағы көптеген автотұрақ тегін болады
Астана тұрақ кеңістігі

Астанадағы бірқатар автотұрақ алдағы уақытта тегін болады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің сөзінше, елордадағы барлық автотұрақ қала меншігіне өткен. Енді олардың бір бөлігінің тарифі қайта қаралады. Әсіресе мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың маңындағы автотұрақтарды тегін ету жоспарланып отыр.

– Қазір автотұрақтарды қала балансына өткізу процесі аяқталды. Осыдан кейін белгілі бір жерлерде тарифтерді қайта қараймыз. Көптеген орын мүлде тегін болады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар орталық көшелердегі ақылы автотұрақтар сақталады. Әкімнің айтуынша, бұл көлік кептелісін азайту және жүргізушілерді көліктерін ұзақ уақытқа қалдырмауға ынталандыру үшін қажет.

Қала басшысы автотұраққа минуттап ақы алу жүйесі енгізілмейтінін де нақтылады. Оның орнына әлемдік тәжірибеге сай белгілі бір уақытқа дейін тегін тоқтауға мүмкіндік беріледі.

– 15 минут, жарты сағат немесе бір сағатқа дейін ақысыз тоқтауға болады. Бұл жердің орналасуына және көлік қозғалысының тығыздығына байланысты болады. Бірақ минутына ақы алу болмайды, – деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →