×

Алматы қаласы балалар мен жасөспірімдерді қорғау жүйесін нығайтуда

Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді

Алматы қаласы балалар мен жасөспірімдерді қорғау жүйесін нығайтуда
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінде Абзал Нүкеновтің төрағалығымен балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмысқа аудан әкімдерінің идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, салалық басқармалардың басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Алматы қаласы полиция Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ведомствоаралық өзара әрекеттестік, балалардың қауіпсіздік жағдайын бақылау, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, кешенді қолдау және қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Арнайы назар психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге, ата-аналармен арнайы бағытталған жұмыс жүргізуге, әдістемелік материалдар әзірлеуге және профильді мамандардың біліктілігін арттыруға аударылды.

Сонымен қатар, қауіп-қатерлерді ерте анықтау жүйесін құру механизмдері, жағдайды бақылау мен қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау үшін цифрлық және аналитикалық құралдарды енгізу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша профильді басқармалар мен аудан әкімдіктеріне балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кешенді қолдау ұйымдастыру және профилактикалық шараларды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Бүгін, 13:30

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды
Ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды  
Сарапшы көбінесе тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратын секторлық антенналардың жұмыс істеу принципіне жеке тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →