Мемлекет басшысы архив ісі мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда педофилияны, сондай-ақ дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты орналастыруға шектеу енгізіледі.
Сенатта заңның басты мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені айтылды. Нормалар балаларды зиянды контенттен сақтауға және құқыққа қайшы ақпараттың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған.