×

Мүфтият дипфейк жайлы пәтуа шығарды

Мүфтият дипфейк жайлы пәтуа шығарды
Dreamstime

Мүфтият дипфейк, яғни жасанды интеллект технологиясын қолданып бейнелер, суреттер, аудиолар мен жазбалар жасау жайлы пәту шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы кез келген технология игі мақсатта қолданылса рұқсат етілетінін, ал жамандыққа, зиянды мақсатта қолданылса тыйым салынатынын мәлімдеді. 

Мүфтият дипфейктің әдетте басқа біреуге зиян келтіру үшін жасалатынын айтты. 

«Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп, қоғамға залалын тигізеді», — деп мәлімдеді мүфтият.

Сонымен ендігі жерде дипфейк технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта тыйым салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →