×

Діни сұрақтарға жасанды интеллект жауап береді: «Imam AI» таныстырылды

Діни сұрақтарға жасанды интеллект жауап береді: «Imam AI» таныстырылды
muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллектке негізделген, діни сұрақтарға сенімді дереккөздерге сүйеніп жедел жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылға арналған бағдарламалық баяндамасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас мүфтидің айтуынша, заман талабына сай діни салада да жасанды интеллект мүмкіндіктерін жүйелі түрде енгізу қажет. Бұл қадам халықтың діни сауалдарына жедел әрі нақты жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, арнайы мобильді қосымша күнделікті өмірде туындайтын діни мәселелер бойынша жедел ақпарат алуға жол ашып, ең бастысы тексерілген әрі сенімді дереккөздерге негізделген мәлімет ұсынуға бағытталады.

«Осыған байланысты жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, діни сұрақтарға лезде жауап беретін “Imam AI” мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз», – деді Бас мүфти.

Жоба іске асқан жағдайда, қосымша дін саласындағы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, қоғамда діни сауаттылықты нығайтуға ықпал етпек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті
13.01.2026ж. 09:44

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сарай 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған
Таудың жақындығы – қаланың басты бәсекелестік артықшылығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →