×

Депутат зорлық жасағандарды 15 жылға соттауды ұсынды

Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады

Депутат зорлық жасағандарды 15 жылға соттауды ұсынды
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашып, зорлық көрсеткендерді 15 жылға соттауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ол Қазақстанда зорлық жасағандарға 8 жыл жаза ғана берелетінін айтты екенін айтты. Ал қыз алып қашу үшін заң бойынша 10 жылға дейін соттайды.

Яғни кісі зорлағандардың жазасы қыз алып қашқандардан жеңіл. Сондықтан ол заңға түзету енгізіп, зорлық жасағандарды 15 жылға соттау керек дейді.

«Менің ойымша, қызды еркіне қарсы зорлау – аса ауыр қылмыс. Әсіресе, Қазақстанда. Бізде қоғам өте дәстүрлі, мораль мен әдеп бар. Адамның тағдырын бұзуға болмайды. Өзін-өзі қорғай алмаған қанша қыз өз-өзіне қол жұмсады?  Мен 15 жылға дейін жаза беруді ұсынамын. Аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызу керек. Басқаша болмайды», – деді Мұрат Әбенов.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылында болған 17 жастағы қызды алып қашу оқиғасы желіде қызу талқыланып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Интернетте тарап кеткен бейнежазбаның бұған дейін жұрттың жағасын ұстатқанын айта кетейік. Бейнежазбада қызды әйелдердің көліктен алып шыққан сәті көрінеді. Қыз шыңғырып, қарсыласып жатыр. Qaz365.kz редакциясына хабарласқан жігіттің анасы Зүлфия Нұрғалиева оқиғаны баяндады. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті
07.03.2026ж. 16:23

Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті

Ананы ардақтау – адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз
Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
Құранның 2-сүре 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп айтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →