×

«Қазақта сондай болған»: Депутат қыз алып қашу мәселесі жайлы сөз қозғады

Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты

«Қазақта сондай болған»: Депутат қыз алып қашу мәселесі жайлы сөз қозғады
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Қазақстанда қыз алып қашу оқиғалары қайта-қайта қоғам талқысына түсіп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи тек салт-дәстүр аясында емес, адам құқығы тұрғысынан қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың сөзінше, мәселе бір ғана әдетке тіреліп тұрған жоқ. Әңгіме – әйелдің құқығы, жеке таңдау еркіндігі және азаматтық қоғамның деңгейі туралы.

«Ол жердегі мәселе қыз алып қашу ғана емес, адамның құқығын сақтау мәселесі ғой. Әйел адамның мәселесі. Ежелде қазақта сондай болған. Бірақ енді біз жаңа өркениетті елге кетіп бара жатқан елміз. Біз зайырлы елміз. Сондықтан ескінің қаңсығынан құтылатын уақыт болған шығар. Біз өзіміздің азаматтық даму дәрежеміз өскен, өркениетті сапында кетіп бара жатқан ел болған соң, қыз алып қашу, зорлық-зомбылық көрсету, әлдекімнің құқығын шектеу, тізеге салу деген сияқты дүниеден арылуымыз керек», — деді депутат Ермұрат Бәпи.

Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашып, зорлық көрсеткендерді 15 жылға соттауды ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Олигархтар жемқорлық орнатты»: Мұрат Әбенов құрылыс жайлы заңның баспана бағасына әсері жайлы айтты
Бүгін, 19:59

«Олигархтар жемқорлық орнатты»: Мұрат Әбенов құрылыс жайлы заңның баспана бағасына әсері жайлы айтты

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады
Тұңғыш президенттің жиені шетелде рухани шарада сөз сөйледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →