×

«Олигархтар жемқорлық орнатты»: Мұрат Әбенов құрылыс жайлы заңның баспана бағасына әсері жайлы айтты

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.

«Олигархтар жемқорлық орнатты»: Мұрат Әбенов құрылыс жайлы заңның баспана бағасына әсері жайлы айтты
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Құрылыс туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін баспана бағасы қалай өзгереді деген сауал қоғамда жиі талқыланып жүр. Осы мәселеге байланысты журналист сұрағына депутат Мұрат Әбенов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұрат Әбеновтің айтуынша, тұрғын үй құнының қымбаттауы немесе арзандауы тікелей кодекске байланысты емес. Алайда заң арқылы құрылыс саласын жүйелеу көзделіп отыр.
Журналистің: «құрылыс туралы заң қабылданғаннан кейін баспана бағасы өзгеруі мүмкін бе?» деген сұрағына Мұрат Әбенов былай деп жауап берді:

«Менің ойымша баспана бағасының өзгеру-өзгермеуі тікелей кодекске қатысы жоқ. Дегенменде біз бұл саланы реттеп жатырмыз. Бұл заң нашар болғаннан кейін, ешқашан құрылысқа қатысы жоқ мафиялар келді, бандиттер келді, олигархтар келді. Олар бұл жерде сыбайлас жемқорлық орнатты. Тек қана парасы бар, танысы барлар үлкен тапсырыстарды алды. Жақсы құрылысшыларды шығарып жіберді. Менің қазіргі ойым: талапты күшейтсек, бұл салаға мықты мамандар келеді, мықты компаниялар келеді. Олар бәсекелестікпен бағаны реттейді деп ойлаймын», — деді депутат Мұрат Әбенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандық олигархтардың Дубайдағы екі вилласы 20,7 миллиардқа сатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақта сондай болған»: Депутат қыз алып қашу мәселесі жайлы сөз қозғады
Бүгін, 19:46

«Қазақта сондай болған»: Депутат қыз алып қашу мәселесі жайлы сөз қозғады

Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады
Тұңғыш президенттің жиені шетелде рухани шарада сөз сөйледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →