×

Декреттегі әке: Бала күтімімен отырғандардың уақыты еңбек өтілі ретінде есептеледі

Декреттегі әке: Бала күтімімен отырғандардың уақыты еңбек өтілі ретінде есептеледі
shutterstock

Қазақстанда әлеуметтік заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бала күтімімен айналысқан, бірақ ресми жұмыс істемеген әкелердің осы кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болды. Тиісті норма Әлеуметтік кодекске енгізіліп, Конституциялық соттың қаулысын орындау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа тәртіп бойынша кәмелетке толмаған балаға нақты күтім жасаған әкенің бұл уақыты жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде ресми еңбек өтілі ретінде ескеріледі. Бұл өзгеріс бала тәрбиесіне белсенді араласқан әкелердің әлеуметтік құқықтарын кеңейтуді көздейді.

Сонымен қатар заңнамада тағы бір маңызды түзету енгізілді. Енді «жалғызбасты ана» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертілді. Депутаттардың бастамасымен қабылданған бұл норма баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналардың құқықтарын жынысына қарамастан теңестіруге бағытталған.

Атап айтқанда, жаңа өзгерістерге сәйкес, жұмыс берушілер жалғызбасты әкелерді де өз бастамасымен жұмыстан шығара алмайды. Бұған дейін мұндай кепілдік тек жалғызбасты аналарға ғана берілген еді.

Мамандардың айтуынша, бұл қадамдар отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін заң жүзінде мойындап, қорғауға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →