×

«Адамгершілік емтиханы»: Бердібек Сапарбаевтың ұлы марқұм әкесіне қатысты айтылған хейтке жауап берді

«Адамгершілік емтиханы»: Бердібек Сапарбаевтың ұлы марқұм әкесіне қатысты айтылған хейтке жауап берді
Коллаж Qaz365.kz

Марқұм мемлекеттік қайраткер Бердібек Сапарбаевтың ұлы әлеуметтік желілерде әкесінің есіміне қатысты туындаған жағымсыз пікірлер толқынына үн қатты. Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, сыннан бұрын мәселенің моральдық жағына назар аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ол әртүрлі көзқарастар мен келіспеушіліктерге түсіністікпен қарайды. Алайда бұл дүниеден өткен адамның соңынан жаман сөз айтуды принципті түрде қабылданбайтын әрекет деп санайды.

«Мен сынға қалыпты қараймын. Әртүрлі көзқарасқа, келіспеушілікке, адамдардың басқаша ойлауына түсіністікпен қараймын. Бірақ мені әр кез тоқтап, ойлануға мәжбүр ететін нәрселер бар. Ол — өмірде жоқ адамның атына айтылған хейтті көрген сәттерім», — деп жазды ол.

Жазба авторы мұндай пікірлер марқұмның тұлғасынан емес, сол сөзді айтқан адамның ішкі жан дүниесінен хабар беретінін атап өтті.

«Мұндай сәттерде бұл пікір немесе позиция емес екенін түсінесің. Бұл — адамның ішкі күйі. Оның бойындағы ызаның, ауырсынудың немесе бостықтың деңгейі», — деді ол.

Экс-вице-премьердің ұлының пікірінше, қайтыс болған адамның артынан жағымсыз сөз айту – адамның адамгершілік деңгейін көрсететін индикатор.

Жазбасын қорытындылай келе, ол мұндай жағдайларды әркімнің өз ұжданы алдында тапсыратын «адамгершілік емтиханы» деп атады.

«Мен үшін бұл әрқашан ішкі емтихан сияқты көрінеді. Қоғам алдында емес, басқа біреудің алдында емес, өз ұжданыңның алдындағы емтихан. Адамгершілік емтиханы», — деп түйіндеді автор.

Еске сала кетейік, Бердібек Сапарбаев 2023 жылдың маусым айында қайтыс болды. Ол Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және бірнеше өңірдің әкімі секілді жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова тобырлық сана және жеке тұлға жайлы сұхбат берді
Алматыда Avtobys жүйесін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →