×

2026 жылы пітір садақасының мөлшері қанша болады?

2026 жылы пітір садақасының мөлшері қанша болады?
depositphotos

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы Рамазан айының басталу күнін және пітір садақасының мөлшерін ресми жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінің шешімімен пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасына сүйене отырып 735 теңге көлемінде бекітілді.

ҚМДБ төрағасының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы пітір садақасын берудің тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, пітір садақаны берудің уәжіп уақыты – Ораза айттың бірінші күні. Дегенмен оны Рамазан айы басталған күннен бастап беруге болады. Айт намазына дейін беру – құптарлық амал.

Сондай-ақ ауқатты жандарға пітір садақаны екі келі мейізбен (шамамен 6 400 теңге) немесе төрт келі құрмамен (шамамен 12 400 теңге) беру ұсынылады. Ал підия мөлшері бір адамның бір күндік (таңғы және кешкі) тойымды асына тең деп белгіленіп, биыл 4 000 теңге көлемінде бекітілді. Підия төлеуге шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын бере алады.

Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 19 ақпан – оразаның алғашқы күні, 19 наурыз – соңғы күні. 20 наурызда Ораза айт мерекесі басталады. Ал 16-наурыздан 17-наурызға қараған түн – Қадір түні.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →