×

Ақтөбелік полицей боранда жолда қалған үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйіне қондырды

Ақтөбелік полицей боранда жолда қалған үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйіне қондырды
ЖИ иллюстрациясы

Ақтөбе облысында соққан қатты боран мен қапалақтап жауған қар салдарынан бірқатар автожол жабылып, жүздеген жолаушы жолда қалды. Осындай қиын сәтте Байғанин ауданының патрульдік полиция инспекторы Олжас Тәліпов ерекше адамгершілік танытты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қауіпсіздік шаралары аясында жолда қалған азаматтар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі (ФОК) арнайы жылыту пунктіне жеткізілген. Сол сәтте инспекторға Атырау облысынан келе жатқан ерлі-зайыптылар көмек сұрап жүгінеді. Олардың үш айлық нәрестесі болған. Жас ата-ана үлкен спорт залындағы жағдай сәби үшін тым қолайсыз екенін айтып, алаңдаушылық білдірген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жағдайды көрген Олжас Тәліпов еш ойланбастан отбасыны өз үйіне шақырған.

  • Инспектордың жары қонақтарды жылы қарсы алып, ыстық шай беріп, сәбиге қажетті барлық жағдайды жасаған.

  • Тіпті полицейдің кішкентай қызы да нәрестеге қамқорлық танытып, көмектескен.

Түні бойы полицейдің шаңырағында пана тапқан отбасы Олжас Тәліповке және оның жанұясына көрсеткен жанашырлығы мен нағыз адамгершілігі үшін шексіз алғысын жаудырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →