×

Наурызда билет тапшы болмайды: ҚТЖ қосымша орын бөледі

Наурызда билет тапшы болмайды: ҚТЖ қосымша орын бөледі
rail-news.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) қосымша шаралар қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл Наурыз мерекесі кезінде билет тапшылығын болдырмау және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 3 қосымша пойыз бағыты ашылып, олар жалпы саны 20 рейс жасайды. Сонымен қатар сұраныс жоғары бағыттардағы поездарға қосымша вагондар тіркеледі. Нәтижесінде мереке күндері халыққа қосымша 35 мың орын ұсынылмақ.

Қосымша поездар кестесі:

  1. №201/202 «Алматы-2 – Астана-1» (6 рейс):

    • Алматыдан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

    • Астанадан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

  2. №204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент» (8 рейс):

    • Астанадан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз.

    • Шымкенттен: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

  3. №205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол» (6 рейс):

    • Ақтөбеден: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз.

    • Астанадан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Вагондар саны көбейеді

Жаңа рейстерден бөлек, қазіргі жүріп жатқан бағыттарға шамамен 230 тіркеме вагон қосылады. Бұл қадам әсіресе халық көп жүретін пиктік күндері билеттердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды
Кеше, 16:19

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды

Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады
Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады
Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →