×

Ауыз ашарда және бекіткенде айтылатын дұға

Ауыз ашарда және бекіткенде айтылатын дұға
sunnaportal.com

2026 жылы мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бір айға созылатын ораза 19 наурызға дейін жалғасып, ертесіне Ораза айт мерекесімен ұласады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауыз бекіту және ауыз ашар дұғалары

Ораза ұстаушылар үшін күнделікті оқылатын негізгі дұғалардың мәтіні мен мағынасы төмендегідей:

Сәресі (Ауыз бекітерде):

«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».

Мағынасы: Таңертеңнен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашарда:

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».

Мағынасы: Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре гөр!

Тарауих намазы және тәсбих

Рамазан айында мешіттерде құптан намазынан кейін тарауих намазы оқылады. Әр төрт рәкәттан кейін және намаз соңында арнайы тәсбих айтылады. Онда Жаратушы Алланың пәктігі мен ұлылығы дәріптеліп, жәннат тілеп, тозақ отынан сақтау сұралады.

«Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкүүт. Субханә зил-иззәтә уәл-азамәти уәл-құдрати уәл-кибрия-и уәл-жәбәруут. Субханәл-мәлики-хаййл-ләзи лә йәмуут. Суббуухун құддуусұн раббүна уә раббүл-мәләәикәти уәррууһ. Ләә иләәһә иллаллаһү нәстәғфирұллааһ нәсәлүкәл жәннәтә уә нә узү бикә минәннар».

Аудармасы: Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір Жаратушы жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →