×

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе де, оны eGov арқылы ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе де, оны eGov арқылы ауыстыруға болады
stan.kz

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан азаматтары үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі қолжетімді болды. Ең басты жаңалық – құжаттың мерзімі аяқталған жағдайда да өтінімді онлайн беруге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Құжатты онлайн қалай ауыстыруға болады?

Қызметті пайдалану үшін «электрондық үкімет» порталына немесе мобильді қосымшаға кіріп, мына қадамдарды орындау қажет:

  1. «Азаматтарға» -> «Көлік және коммуникациялар» -> «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;

  2. «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау;

  3. Дайын құжатты алатын ХҚКО-ны (ЦОН) көрсету;

  4. Фотосурет пен қол үлгісін жүктеп, байланыс телефонын жазу;

  5. Мемлекеттік бажды төлеу. Қазіргі уақытта оның мөлшері – 1,25 АЕК.

Өтінімге қол қойылғаннан кейін қызмет нәтижесі жеке кабинетте пайда болады. Дайын куәлікті таңдалған ХҚКО-ға барып, жеке куәлікті көрсету арқылы алуға болады.

Маңызды ескерту: Портал мамандары кейбір жағдайларда пайдаланушының құжат деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрланбаған болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай жағдайда экранда тиісті хабарлама шығады және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке бару қажет болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →