Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі 2026 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл кезеңде әуежайдың жұмыс режиміне уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жөндеу жұмыстарына байланысты күндізгі уақытта – сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарланған барлық рейс ерте немесе кеш уақытқа ауыстырылады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жаңа кесте авиакомпаниялармен және мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген.
«Аэропорт уақытша шектеулерден тыс уақытта штаттық режимде жұмыс істей береді», — деп нақтылады әуежайдың баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары аэродром инфрақұрылымын, жарық сигнал беру жабдықтарын жаңартуға және ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты жолаушыларға:
Рейс уақытының өзгеруін авиакомпаниялардың ресми сайттары немесе колл-орталықтары арқылы алдын ала тексеруді;
Әуежайдың ресми дереккөздерін қадағалап отыруды ұсынамыз.
Жауапты мекемелер жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әуежайдың қайтадан толыққанды режимде қызмет көрсететінін жеткізді.