×

Жоғалған Түркістандық жасөспірім Алматыдан табылды

Жасөспірім отбасылық жанжалға байланысты үйден кетіп қалған

Жоғалған Түркістандық жасөспірім Алматыдан табылды
Polisia.kz

Жоғалған Түркістандық жасөспірім Алматыдан табылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған баланың туыстары алдымен өздері іздеген, алайда оны табудың өзіндік әрекеттері нәтиже бермейді. Содан кейін жасөспірімнің ата-анасы полициядан көмек сұрайды. Хабарламаны алған полицейлер дереу кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеуге кірісті. Баланың белгілері аудандағы полицейлердің барлығына хабарланып, бағытнама берілді. Содан тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, сондай-ақ бала бара алатын жерлерді мұқият қарап шықты.

Бірнеше күн бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде саурандық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты. Баланы аудандық полиция бөліміне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, жасөспірім отбасылық жанжалға байланысты үйден кетіп қалған. Кәмелетке толмаған баланың туыстары полиция қызметкерлеріне жоғалған жасөспірімді іздеуде көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жедел көмегіне алғыс айтты.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →