×

Енді көлікті лизинг мерзімі бітпей-ақ ауыстыруға болады

Енді көлікті лизинг мерзімі бітпей-ақ ауыстыруға болады
Shutterstock

2025 жылдың желтоқсанынан бастап іске қосылған халыққа арналған автолизинг бағдарламасы жақын арада жаңартылмақ. Нарық ойыншылары алдағы 1,5–2 ай ішінде жаңа, икемді шарттарды ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Курсивке сілтеме жасап.

Негізгі жаңалық — «Trade-in» принципі бойынша ауыстыру 

Қазіргі ереже бойынша, клиент лизинг мерзімі аяқталып, толық есеп айырыспайынша көлікті ауыстыра алмайды. Ал жаңа тәсіл жобасы бойынша:

  • Клиент көлікті лизингтік компанияға кез келген уақытта қайтара алады;

  • Компания паркінен басқа, жаңа модельді таңдау мүмкіндігі беріледі;

  • Барлық рәсімдер цифрлық форматта, арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Төлемдер мен айыппұлдар 

Сарапшылардың болжамы бойынша, ай сайынғы төлемдер 150 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі аралықты құрамақ. Бастапқы жарна неғұрлым көп болса, ай сайынғы жүктеме соғұрлым азаяды.

Сондай-ақ, иелік ету құнын арзандату үшін айыппұлдар мен сақтандыру жүйесі де қайта қаралуда. Ұсыныс бойынша, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар көлік иесіне (заңды тұлғаға) емес, тікелей рульдегі жеке тұлғаға жазылуы тиіс.

Анар Мақашеваның пікірінше, бұл бағдарлама әсіресе автопаркін жиі жаңартқысы келетін жастар мен жеке тасымалдаушылар үшін тиімді қаржылық құралға айналмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →