×

Биыл Қазақстанда тағы 6 жол ақылы болады

Биыл Қазақстанда тағы 6 жол ақылы болады
Sputnik / Абзал Калиев

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанның автожол желісінде тағы 6 учаске ақылы болады. Бұл туралы компания басшысы Дархан Иманашев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа ақылы жолдардың тізімі мен ұзындығы:

  • Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал (554,6 км);

  • Талдықорған – Өскемен (773 км);

  • Бурылбайтал – Күрті (226,4 км);

  • Атырау – Астрахань (277 км);

  • Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (89 км);

  • Мерке – Шу – Бурылбайтал (78 км).

Айта кететін маңызды жайт, биылдан бастап ақылы жолдарды пайдалану ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді жол төсемінде ақаулар анықталған учаскелерде ақы алу уақытша тоқтатылады. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 14 учаскеде осындай ақаулар тіркеліп, оларды жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар жүргізушілердің өтініші бойынша жолақыны төлеу мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →