×

Колледждегі жанжал: Алматы қаласының білім басқармасы директордың видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Жүктілігіне 5 ай болған қызметкер өзіне директордың бұған дейін де тиіскенін айтқан еді

Колледждегі жанжал: Алматы қаласының білім басқармасы директордың видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден кадр

Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық телекоммуникация және машина жасау колледжіндегі жүктілігіне 5 ай болған қызметкердің ауруханаға түсуіне қатысты дауға байланысты пікір білдірді, деп пікір білдірді Qaz365.kz. 

Білім басқармасының ресми мәлімдеме жасауына желілерде таралған Қалалық телекоммуникация және машина жасау колледжінің директорының дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген бейнежазбасы түрткі болды. Алматы қаласының Білім басқармасы Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжінде ішкі тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

«Ақпараттық кеңістікте колледж директорының кабинетінде түсірілген бейнематериал таралды. Осыған байланысты Басқарма тарапынан ішкі тексеріс жүргізілді. Анықталғандай, аталған оқиға жоспарлы кеңес барысында орын алған. Кеңесте қызметтік міндеттердің орындалуы және жұмыс уақытында еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланған», – деп мәлімдеді Білім басқармасы.

Басқарманың мәлімдемесіне қарасақ, қызметкер директорға дауыс көтеріп, әдепсіз сөйлеген соң директор ашуланған. 

«Қызметкер тарапынан дау-дамайға жол беріліп, әдепсіз түрде, жоғары дауыспен пікір білдіру жағдайды ушықтырған және директордың жауапты теріс реакциясын туындатқан. Эмоциялық диалог барысында колледж басшысы қызметкермен қарым-қатынаста ұстамсыздық танытқан. Аталған факті бойынша директорға этикалық нормаларды сақтамағаны үшін тәртіптік шаралар қолданылды. Қаладағы оқу орындарында моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларының сақталуы Білім басқармасының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді Білім басқармасы.

Ал жүктілігіне бес ай болған әйелдің айтуынша, ұжымның жиналысы кезінде колледж директоры Ардақ Қожахметова қатты сөздер айтып, көпшіліктің көзінше зекіп тастаған. Қызметкер өзін қорланғанын айтты. Ол бұл әрекетті психологиялық қысым деп санайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қалалық телекоммуникация және машина жасау колледжінің қызметкері басшылықпен арадағы кикілжіңнен соң ауруханаға түскенін жазған едік.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →