×

Египетке бару қауіпсіз бе: СІМ маңызды мәлімдеме жасады

Египетке бару қауіпсіз бе: СІМ маңызды мәлімдеме жасады
Adventist Asia/Pexels

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленістің артуына байланысты азаматтарды Египетке және аймақтағы өзге де елдерге барудан уақытша бас тартуға шақырды. Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев бұл шешімнің ұсыныс сипатында екенін, алайда әрбір азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз Египет бастаған бірқатар елдердің туристерді әлі де қабылдап жатқанын, рейстердің штаттық режимде орындалатынын білеміз. Соған қарамастан, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шетелге шығу мәселесін жан-жақты ойлануға шақырамыз. Мүмкіндік болса, бұл аймақтарға баруды уақытша тоқтата тұрған жөн», – деді Жетыібаев.

Бұған дейін, 3 наурызда Scat авиакомпаниясы Египетке ұшатын рейстердің қақтығыс аймақтарынан тыс, қауіпсіз әуе дәліздері арқылы орындалып жатқанын мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта Шарм-эш-Шейхте туристік маусым жалғасуда және қонақүйлер келушілерді әдеттегідей қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шабуылынан кейін аймақтағы жағдай күрт нашарлады. Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінде ұшуға толық тыйым салған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →