Желі қолданушылары Солтүстік Корея елінің көшбасшысы жайлы видеолар жариялай бастады
Таяу Шығыстағы қақтығыс үдеген тұста Солтүстік Корея елінің көшбасшысы Ким Чен Ын жайлы мемдердің саны әлеуметтік желілерде көбейіп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Желіде көбіне оның қақтығыстарға араласуға дайын тұрғаны жайлы, оның басқа елдерге көрсететін «айбары» жайлы әзіл-шыны аралас пікірлер мен мемдер жарияланған.
Бір мемде: «Бүкіл планетаны жойып жіберу үшін өз жеріне зымыран түскенін күтіп отырған Ким Чен Ын», — деп жазылған.
Тағы бір видеода: «Әлем зымыранмен атысып жатыр, бірақ зымыран жинаушы коллекционерді шақыруды ұмытып кетті», — деп жазылған.
«Сені бәрі нағыз сұмпайының өзі деп санағанда... Бірақ өзгелерге қарағанда ең есті адам болып шыққан сен», — деп жазылған тағы бір мемде.
Еске сала кетсек, бүгін Иран дрондары Әзербайжан аумағына құлады. Жараланғандар бар. Бұған дейін Түркия әуе қорғаныс жүйесі өздеріне ұшып келе жатқан зымыранды атып түсірді. Кейін Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Түркия бағытына зымыран ұшырылғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.