Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов жаңа Конституцияны сынағаны үшін 23 ақпанда ұсталған еді.
Бұған дейін Жаңа Конституцияны сынаған Оразалы Ержановты сот 2 айға қамау жайлы шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сот белсендіні 10 күн әкімшілік қамау туралы үкімінің мерзімі аяқталған соң бірден екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл ақпаратты журналист Вадим Борейко жария етті.
«Бүгін, 2026 жылғы 5 наурызда, сағат 20:50-ден кейін, Оразалы Ержановқа тағайындалған 10 тәулік қамау мерзімі аяқталған соң, оны тағы екі айға қамауға алды. Бұл туралы маған адвокат Виталий Воронов хабарлады», — деп жазды журналист Вадим Борейко.
Айта кетейік, ҚТЖ-ның еншілес компаниясының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. «Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталуына қатысты ақпаратты растады.