×

Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады

Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады

Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел әйелдерін мерекемен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстады және жаңа институт – Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметін құру туралы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа уәкіл Ұлттық комиссияның құрамында жұмыс істейді және өз қызметі туралы Президентке тұрақты түрде есеп беріп отырады.

– Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл бастама отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін күшейтіп, отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа Конституцияны сынаған Оразалы Ержанов екі айға қамалды
Бүгін, 11:17

Жаңа Конституцияны сынаған Оразалы Ержанов екі айға қамалды

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов жаңа Конституцияны сынағаны үшін 23 ақпанда ұсталған еді.
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
Тәртіп пен тәрбие жағынан да, сұлулық жағынан да қазақ қызының орны бөлек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →