×

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 8,6 мыңға жуық қазақстандық елге қайтты

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 8,6 мыңға жуық қазақстандық елге қайтты
Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарының аралық қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, эвакуация басталғаннан бері 8 585 қазақстандық аман-есен үйлеріне оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта еліміздің Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, қауіпті аймақта қалған отандастарымызды қайтару бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр. Дипломаттар жергілікті жерлердегі жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс қақтығысы аймағынан азаматтарымызды қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері оқиға орнындағы іс-қимылдарды үйлестіріп, сонда жүрген отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Халықтың Ата заңы»: жаңа Конституцияға арналған гимн жарияланды
Бүгін, 12:30

«Халықтың Ата заңы»: жаңа Конституцияға арналған гимн жарияланды

Конституция реформасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді. 
Ананы ардақтау – адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз
Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →