×

Таяу Шығыстан 9,5 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды

Таяу Шығыстан 9,5 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды
ашық дереккөзден

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдегі елдерден Қазақстанға 9 517 қазақстандық қайтарылған.

«Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда», – деп мәлімдеді СІМ.

Министрлік сондай-ақ Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оманнан қазақстандықтарды шығару жұмыстары аяқталуға жақын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты Қазақстан өз азаматтарын елге қайтару үшін эвакуациялық шараларды қолға алған. Дипломатиялық өкілдіктер жергілікті билікпен және әуе компанияларымен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →