×

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындыққа тап болды

Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында ақау шықты

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындыққа тап болды
egemen.kz

Қазақстандықтарда жүргізуші куәлігін ауыстыруда қиындықтар пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Редакцияның WhatsApp-нөміріне жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болған Алматы тұрғыны хабарласты. Бірақ ол мұны арнайы ХҚКО арқылы да, екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы да орындай алмаған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінді. Ведомство қазіргі уақытта арнайы ХҚКО жұмысында шынымен де қиындық бар екенін растады.

"Қазақстан бойынша Ішкі істер министрлігінің көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты арнайы ХҚКО-да шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Жауапты қызметтер жүйе өнімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Арнайы ХҚКО-да қабылдауды қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы бойынша филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Кеше, 13:15

Алматыда Жеңіс күні тойланды

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →