Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева халықтың тұрмыс жағдайы төмен екенін айтып, азық-түлік бағасын түсіру мүмкін болмаса, кем дегенде сол бағада тұрақтандыру жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның сөзінше, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы өсіп, бұл қарапайым азаматтардың тұрмысына ауыр тиіп отыр. Депутат бұл жағдайды өзінің туған-туыстары арқылы да байқап отырғанын айтты.
«Халықтың хал-ахуалын өте төмен деп бағалаймын. Азық-түліктің бағалары күннен-күнге қымбаттайды. Оны өз басым білемін. Мысалы, Көкшетауда менің туған туыстарым тұрады. Әкем тұрады. Ол кісі күнде маған айтады: «Осы мәселені қашан шешесіздер? Мәселе қашан шешіледі?» дейді».
Депутаттың айтуынша, азық-түлік бағасының тұрақты түрде өсуі қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Сондықтан үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, нақты шешім қабылдауы қажет.
«Өкінішке қарай азық-түлік бағалары күннен күнге өсуде. Бұл жерде үкімет бір зерттеу өткізіп алып, аналитика жасай отырып, азаматтарға керек заттарға, азық-түлікке бағаны түсіру мәселесі шешілмесе, кем дегенде сол қалпында қалса деген ойдамын», — деді депутат Наталья Дементьева.
Еске сала кетсек, депутат Нартай Аралбайұлы ақылы жолдар мен Жаңа Конституция жайлы сөз сөйлеген еді.