×

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығын ашты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл инновациялық алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі мүддесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылған. Freedom Holding Corp. қолдауымен құрылған жобаның таныстырылымына Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов, сондай-ақ IT-индустрия және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Defense Tech IT Park – бұл Қорғаныс министрлігінің 2022 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Defense Tech бастамасының даму кезеңдерінің бірі. Ол әскер мен қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін ұлттық инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, отандық IT-компаниялар мен стартап-командалардың цифрлық технологиялар, бейнебақылау жүйелері, деректерді талдау, телекоммуникациялар және жасанды спутниктік шешімдер саласындағы инновациялық жобаларды таныстырды.

Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов орталықтың құрылуы еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтуға және заманауи әзірлемелерді әскерге жылдам енгізуге бағытталғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда мемлекеттің қорғаныс қабілеті тікелей технологиялық дамуға байланысты. Біздің басты міндетіміз – өз идеяларымызды әскерге практикалық тұрғыда енгізу жолын қысқарту, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Өз кезегінде Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов жаңа алаң технологиялар мен қорғаныс әзірлемелері саласындағы жас мамандар үшін тартымды орталыққа айналатынын атап өтті.

«Біз мұнда Defense Tech Hub технологиялық білім беру алаңын құрдық. Бұл жерде ІТ саласындағы студенттер, оның ішінде әскери кафедраларда білім алып жүргендер, практикалық дағдыларын жетілдіріп, хакатондар мен акселерациялық бағдарламаларға қатыса алады», - деді өз сөзінде.

Қорғаныс министрінің цифрлық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев Defense Tech IT Park болашақта перспективалық технологиялық жобаларды іздеу және таңдау, әзірлеушілерді идеядан прототип жасауға дейін қолдау және шешімдерді әскерде пилоттық енгізуге дайындау алаңы болатынын атап өтті. Жаңа платформа қорғаныс ведомствосы, ғылыми ұйымдар және технологиялық бизнес арасындағы жүйелі өзара әрекеттестікті қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және қауіпсіздік мүддесі үшін инновацияларды жедел енгізуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түрмеден жеткен хабар: Думан Мұхамедкәрім тағы да аштық жариялады
Бүгін, 17:14

Түрмеден жеткен хабар: Думан Мұхамедкәрім тағы да аштық жариялады

Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты
Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →