×

Қарашаға бұйырмаған қазына: Олигахтардан тәркіленген миллиондаған теңге болатын әшекейлер сатылды

Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Қарашаға бұйырмаған қазына: Олигахтардан тәркіленген миллиондаған теңге болатын әшекейлер сатылды
Коллаж: Qaz365.kz / kuva.kz

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 12-13 наурызда sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік электрондық сауда алаңында өткізілген электрондық сауда-саттықтың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Kuva.kz мәліметтеріне зер салсақ, 2026 жылғы 12 наурызда өткізілген электрондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылған. Ал 2026 жылғы 13 наурызда өткен электрондық тендердің қорытындысы бойынша жалпы құны 3 670 000 теңгеге 3 лот сатылды:

1.         «Yana Jewellery» сақинасы

Сату бағасы: 2 000 000,00 тг

2.         «Constella» білезігі

Сату бағасы: 1 340 000,00 тг

3.         Көбелек бейнесіндегі алқасы бар тізбек

Сату бағасы: 330 000,00 тг

Сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен сағаттар бойынша 35 лот бойынша өткізілген тендер нысанындағы сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және іске асыру жұмыстарын заңнамада белгіленген тәртіппен жалғастыратынын мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Qaz365.kz редакциясы 30 желтоқсанда қайта саудаға шыққалы жатқан олигархтардың  бағалы заттары жайлы жазған болатын. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →