×

Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев басты миссиясының қандай екенін айтты

Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған

Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев басты миссиясының қандай екенін айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев The Spark of Life жобасын таныстырып, өзін рухани тәлімгер ретінде көрсеткен болатын. Екі ай өткен соң Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында басты миссиясы жайлы айтып, адам ойының өмірге әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы — Нұрәлі Әлиев Spark of light жобасын іске қосқан еді. Бұл жобаға серіктес болып отырған Mantra санаға әсер ететін саңырауқұлақтардан жасалған өнімдерді сатады. Қазақстандағы заңнамада психоактивті саңырауқұлақтарды қолдануға қатаң тыйым салынған. Псилоцибин және псилоцин сияқты заттар психотроптық заттар санатына жатқызылып, заңсыз өсіру, сақтау немесе тарату секілді әрекеттер заңсыз саналады. Заң алдында ондай іспен айналысқан адамдар жауапкершілікке тартылады. Бұл мәселе ҚР «Есірткі заттары, психотроптық заттар, олардың аналогтары және прекурсорлары туралы» заңы бойынша реттеледі. 

Желідегі парақшасында Нұрәлі Әлиев басты «миссиясы» жайлы айтты. 

«Менің негізгі миссиям – адамдардың санасын жақсы жаққа өзгерту, сүйіспеншілікті насихаттау. Кейде бәрі өз ретімен болып, барлық есік ашылып жатқандай көрінеді. Мұндай сәттер – белгілі бір сәйкестіктің белгісі. Бұл – Құдайдың бізбен байланысуының бір жолы. Құдай бізбен түрлі белгілер мен сәйкесе кеткен жағдайлар арқылы сөйлеседі. Кейбір адамдар оны байқамайды. Ал кейбірі көріп, түсініп, берілген мүмкіндікті бірден пайдаланады», – деді Нұрәли Әлиев.

Оның ойынша, адамның санасында жүрген ойлар айналасына энергия болып таралып, кейін өзіне қайта оралады.

«Біз дегеннің өзі – ой. Біздің басымызда қандай ой жүрсе, біз соны сыртқа шығарамыз. Сол – біздің бүкіл ғаламға жіберетін энергиямыз, кейін ол өзімізге қайта оралады. Адам магнит сияқты: біз қандай нәрсені таратсақ, соны қайта аламыз. Егер қорқыныш, жетіспеушілік немесе басқа да жағымсыз ойларды таратсақ, ол да бізге дәл сондай болып қайтады. Өйткені адам өз шындығын өзі қалыптастырады. Яғни біздің өміріміз қандай болатыны көбіне біздің қандай ойдың ішінде жүргенімізге байланысты», – деді Нұрәли Әлиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәли Әлиевтің меншігіне өткен еді.

Qaz365.kz бұған дейін Нұрәлі Әлиев бастаған The Spark of Life жобасын зерттеп көрді. Бұл бастама жайлы толығырақ материалымыздан оқыңыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →