×

Ораза айт намазының уақыты белгілі болды

Ораза айт намазының уақыты белгілі болды
muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ел аумағындағы мешіттерде Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады. Биыл қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін мерекелік құлшылық 20 наурызда өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚМДБ мәліметінше, еліміздің бас қаласы Астана мен Шымкентте айт намазы таңғы сағат 07:15-те басталса, Алматы қаласында сағат 07:00-де оқылады. Басқа өңірлердегі намаз уақыттары жергілікті күннің шығу уақытына сәйкес белгіленген.

Мереке күні мешіттерде уағыздар айтылып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалады.

Ораза айт — мейірімділік, игілік пен қайырымдылық мерекесі. Мұсылмандар бұл күні оразаның аяқталғанына шүкіршілік етіп, бір-бірінің үйіне қонаққа барады, хал-жағдай сұрасады және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Діни деректерге сүйенсек, Ораза айт мерекесі алғаш рет хижраның екінші жылы, яғни 624 жылы атап өтіле бастаған.

Анықтама ретінде айта кетсек, «Айт» сөзі жыл сайын қайталанатын мереке, бір-бірін қуанту деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқында «Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар» деген даналық сөз осы мерекенің маңыздылығын көрсетеді. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда Тазару күніне орай ауқымды сенбілік өтті
Бүгін, 14:36

Атырауда Тазару күніне орай ауқымды сенбілік өтті

Сенбілікке мыңнан астам адам мен 50-ге жуық мекеме жұмылдырылды
«Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде ауқымды экологиялық акция басталды
Ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырып, мәдени, қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →