×

Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті

Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты

Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тағылымы терең республикалық бастама Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп, өз мәнін одан әрі айшықтай түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Іс-шараны Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі өткізді.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтар мен өзен-көлдерді қоқыстан тазарту, сондай-ақ жастардың бойында табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


Акция аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағының көзін ашып, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты. Әсіресе, министрліктің бастамасымен Жамбыл облысында алғаш рет құрылған «Болашақтың қайнары» еріктілер қозғалысы ерекше белсенділік танытты. Бұл қозғалыс қатарына Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттері де қосылып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға үлес қосты.


Нұржан Нұржігітов өз сөзінде еріктілердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, «Болашақтың қайнары» бастамасы – еліміздегі су саласына бағытталған алғашқы еріктілер қозғалысы. Бұл жобаның Жамбыл өңірінен бастау алуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ашылуымен тығыз байланысты. Алдағы уақытта игі бастама республика көлемінде жалғасын табады.

Өз кезегінде өңір басшысы бұлақтың көзін ашу – ата-бабадан жеткен асыл аманат екенін баса айтты.

– Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген дана сөз бар. Өйткені бұлақ – тіршіліктің бастауы, өмірдің нәрі. Оның мөлдір суы – табиғаттың бізге тарту еткен ең асыл сыйы. Сондықтан бұлақтың көзін ашып, айналасын ретке келтіру – әрбір азаматтың ортақ парызы. «Таза Қазақстан» бастамасы ел өміріндегі маңызды қағидаттардың біріне айналып отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, тазалық – әр адамнан, әр үйден, әр көше мен әр қаладан басталуы тиіс. Себебі бұл – бір күндік шара емес, бұл – біздің өмір салтымыз. Осы игі іске үлес қосып жүрген барша азаматқа шынайы алғысымды білдіремін! – деді Ербол Қарашөкеев.


Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев ақ батасын берді. Бекболат Орынбеков пен су саласының ардагері Берік Нұралиев акцияның қоғам мен жастар тәрбиесіндегі маңызына ерекше тоқталды.*

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» акциясы Жамбыл облысының барлық аудандарында жалғасын тауып, кең ауқымда өткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
Бүгін, 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Сенбілікке мыңнан астам адам мен 50-ге жуық мекеме жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →