×

ШҚО-да екі жылда 36 млн дана көшет отырғызылады

Қазіргі уақытта облыстағы 26 тұқымбақта 7,3 млн дана көшет бар

ШҚО-да екі жылда 36 млн дана көшет отырғызылады
Фото: ShutterStock

ШҚО-да екі жылда 36 млн дана көшет отырғызылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде 2026-2027 жылдары 7 мың гектардан астам аумаққа 36 млн дана көшет отырғызу көзделген. Биыл 3,3 мың гектар аумаққа 17,5 млн көшет отырғызылады», – деді аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта облыстағы 26 тұқымбақта 7,3 млн дана көшет бар. Отырғызу материалдары тапшылығы мәселесін шешу үшін осы жылы қосымша көшеттер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ күзде жапырақты ағаш түрлері егіледі. Ал қарағаш тұқымын себу көктемде жүргізіліп, кейін оны өсіріп, күзде отырғызу көзделіп отыр.

«Орман шаруашылықтарын өз отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында биыл Верх-Уба орман шаруашылығында жабық тамыр жүйесі кешенін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай жобалар облыстың басқа орман шаруашылықтарында да жүзеге асырылады», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
Кеше, 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →