×

Шымкенттегі Наурыз: әкімдік 30 секундтық бейнероликтерді LED-экраннан көрсетуге 7,7 млн теңге бөлген

Шымкенттегі Наурыз: әкімдік 30 секундтық бейнероликтерді LED-экраннан көрсетуге 7,7 млн теңге бөлген
Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы Наурыз мерекесіне арналған ақпараттық саясатты LED-экран арқылы жүргізуге 7,7 млн теңге бөлген. Ал қалаға қарасты әл-Фараби ауданы өз аумағында Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік іс-шара өткізуге 4,5 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ беттерінде дүркіреп өтіп, он күн бойы тойланғаны жазылған Наурызнама туралы да, республикалық әншілер қатысқан концерттерге қатысты да ақпаратты мемлекеттік сатып алу порталынан нақты ақпарат таппадық.  

Жарты ай көрсетілетін бейнероликтер 

Ішкі саясат басқармасы наурыздың 11-не № 16549924-1 хабарландыру жариялап, екі күн өткізген. Сатып алған қызмет туралы айтсақ, Наурызға арналған ақпараттық саясатты лэд-экран арқылы іске асыру керек деп көрсетілген. Ал талаптары мынадай: Шымкент қаласында жалпы көлемі 300 шаршы метрден кем емес аумақта көрсетілетін LED-экрандарда шығатын роликтерге жеке меншік немесе жалға алған барлық керек қондырғысы бар болуы керек. Жаңбырға да, қарға да, ыстыққа да төзімді болуы қажет деген талап та бар. Күніне кемінде 10 айналдыра көрсетілуге тиіс.  1 әлеуметтік роликтің ұзақтығы 30 секундтан аспайды. Ал жалпы қанша ролик болатыны, тақырыбы туралы ашып жазылмаған. Бар болғаны тапсырыс берушінің тапсырыс бойынша анықталады және іске асырылады деп көрсетіліпті. Қызметтің бұл түрінің мерзімі - 2026 жылғы 31 наурызға дейін. Тапсырыс алған соң 2 күн ішінде орналастыру керек деп шартқа сүйенсек, 13-не ұтып алса, 15 наурызда алғашқы роликтер экраннан көрсетілген болса керек. Демек, жалпы алғанда жарты ай айналдыра көрсетілетін болып тұр.  

Ал енді сомасы мен ұтып алған компанияға келсек. Негізі жоспар бойынша 7758620.69 теңге бөлуге дайын болған. Хабарландыру бойынша 2 жеткізуші қатысқан. «Төлеш» ЖК 7599999 теңгеге жүзеге асырамын деп көрсетсе, жеңімпаз болған «Эльдорадо» жарнама агенттігі» 5431034 теңгеге келіскен.  

Қала ауданы концертке 4,5 млн теңге бөлген 

Шымкент қаласының тарихи және әкімшілік орталығы деп саналатын әл-Фараби ауданы Наурызға арналған іс-шаралар өткізуге мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берген. Аудан әкімдігі 4 512 931 теңге бөлінеді деп хабарлапты. Өтінім наурыздың 12-нен бастап қабылданып, 16-на дейін жалғасқан. Жалпы саны 7 өнім беруші таласып, соңында бұл қызметті GULZEINET ЖК іске асыратын болған. Бір қызығы, хабарландырудың техникалық сипаттамасында өтетін күні деп 14-22 наурыз аралығы деп көрсетілген. Ал қорытынды хаттама 16 наурыз күні кешкі 18:21-де толтырылған. Ал енді концерт ұйымдастыруға қатысты қызметтерге келсек. Концерттік бағдарлама ұзақтығы 6 сағат болады деп көрсетіпті. Сценариін 10 күн бұрын әзірлеп, көрсету керек дейді. Бірақ хаттама 16 наурызда толтырылса, өнім беруші сценарийді тіпті санаулы күнде жазып, ұсынған болып тұр. Әйтпесе, кемі он күн бұрын өткізіп, тексерту үшін хабарландыру бұдан сәл ертерек берілуге тиіс еді. Бұл қызметке 100 мың теңге беріледі. Керек-жабдықтардан бөлек, 16 қанатты 2 киіз үй жалға алынған. Киіз үйдің астына сахна орнату керек, 36 адамға арналған үстел мен ыдыс-аяқ қажет депті. Кемі 8 сағатқа 2 алтыбақан жалдап, концерт өтерден бір күн бұрын орнату керек болған. Фотозона, батырлар, тазы, бүркіт, тұрмысы төмен отбасыларға акциялар - бәріне 1,7 млн теңге қарастырылған. Ал қошқар көтеру сайысына 150 мың теңге бөлінген. 80 келіден кем болмайтын қошқарды тұрғындар көтеріп сайысады да, жеңімпазға сол қошқар табысталады. Ал басқа да спорттық іс-шараларға 1 млн теңге қарастырылыпты. Концерттің қызығы - әртістер. Шығармашылық ұжымның қызметіне 1,1 млн теңге бөлінген. Бір жігіт пен бір қыз іс-шараны екі тілде жүргізіп, республика мен облысқа танымал кем дегенде 25 әнші қатысуға тиіс депті. Баспахана қызметтеріне бөлінгені - 400 мың теңге. Ал өтетін аумақты безендіруге 785 мың теңге беріледі деп жазылып тұр.   

Жоғарыда айтқандай, БАҚ беттерінде жазылған іс-шара мен әл-Фараби ауданы әкімдігі өткіземіз деген концерт бір болмаса керек. Өйткені Шымкент қаласы әкімдігі Наурызға қатысты іс-шараларды арнайы сайтта тұрады деп жариялаған еді. Қатысқан әртістердің статусына қарасақ, олар азғантай сомаға келісе қоймайтын, райдері қымбат әншілер. Бірақ жыл басынан бері жарияланған хабарландырулар ішінен қала әкімдігінің де, Ішкі саясат басқармасының да Наурызға арналған концертке деп арнайы көрсеткен хабарландыруын таба алмадық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Марат Қожаев Германияда жол ережесін бұза беретіндерге «ақылсыздарға арналған» емтихан бар екенін атап өтті
Тұрғынның сөзінше, жедел ұйымдастырылған эвакуацияның арқасында жақындары аман-есен елге оралып, отбасымен қайта қауышқан
Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →