×

«Оператор РОП» ісіне байланысты Әлия Назарбаеваны сотқа шақыруды ұсынды

Елордадағы Байқоңыр ауданының No2 сотында алдын ала тыңдау өтіп жатыр

«Оператор РОП» ісіне байланысты Әлия Назарбаеваны сотқа шақыруды ұсынды
ашық дереккөзден

Бүгін Астана қаласындағы Байқоңыр аудандық №2 сотында утилизациялық алым жинаған "ӨКМ Операторы" («Оператор РОП») қызметіне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айыпталушылардың адвокаттары бұл іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады. Өйткені экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызының аталған компанияға қатысы бар. 

Елордадағы Байқоңыр ауданының No2 сотында алдын ала тыңдау өтіп жатыр.
Сот залында бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «Оператор РОП» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және бұрынғы бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко отыр. 
Аталған іс бойынша олар «РОП Оператор» ЖШС-де миллиардтаған доллар жымқырды деп айыпталуда.

Алдын ала тыңдау барысында адвокат Коротенко қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрады.

Менің клиентім 2016 жылдың 18 мамыры мен 2019 жылдың 18 қарашасы аралығында «Оператор РОП-тың» бас директоры болған. Аталған компания 2015 жылдың 23 қарашасында жалғыз қатысушы – нақты құрылтайшысы болған Әлия Назарбаеваның шешімімен құрылды, - дейді ол.


Қорғаушы тарап прокуратура органы 2016-2019 жылдар аралығындағы РОП құжаттамасын, құрылтайшылардың, атап айтқанда, Назарбаеваның, шешімін әдейі сұрамаған деп санайды. Өйткені бастама көтерген коммерциялық кәсіпорындардың иесінің жеке басын жасыруды мақсат тұтып отыр екен.
Іс материалдарында маңызды құжаттардың болмауы оның қорғауындағы адамның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етті деп отыр адвокат Коротенко.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →