×

Жол саласына қызығушы жастар саны артып келеді

Жол саласында жастар – біліктілігін арттырып, білімді мамандардың орнын басу қажет

Жол саласына қызығушы жастар саны артып келеді
Жол активтері

“Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” мекемесі мектептерді аралап, жоғарғы сынып оқушыларын жолшы мамандықтарын игеруге белсенді түрде шақырып жүр. Әр өңірдегі филиал қызметкерлері апта сайын мектептерді аралап, кездесулер ұйымдастыруда, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалы жыл басынан бері 100-ден астам мектепке барып, оқушыларға жол саласында еңбек етудің артықшылықтары мен маңыздылығын түсіндіруде. 15 қараша күні филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлы бастаған бір топ қызметкер қаланың 15 мектебіне барып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру, олардың жол саласына қатысты мамандық таңдауға шақыруда.

“Елімізде 7000-ға жуық мектеп бар екен, соның бәрін қамтысақ деген жоспар бар. Әр өткізген дәрістен кейін оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып жатады. Жол саласының мамандарын даярлайтын тиісті оқу орындарына түсіп те жатыр. Мысалы, Алматы қаласында жыл соңына дейін 200 мектепке барып, оқушылармен кездесу өткізу мақсатымыз”, – дейді Мәулен Әліпов.

Ел экономикасының, дамығанының бірден бір көрсеткіші – тақтайдай түзу, сапалы жол. Ал сол жолды салатын білікті, білімді мамандар. Бұл салаға мықты мамандар, әсіресе, білімді жастар үнемі қажет. Директор Мәулен Әліповтің айтуынша, Алматы филиалы жыл соңына дейін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыра бермек. Себебі әр кездесуде жастардың жолшы мамандығына қызығушылығы артқаны байқалуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды
Кеше, 17:35

Алматыдағы Аюсай шатқалы қоқыстан тазартылды

Туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды
"Менің елім - менің Туым" акциясы аясында республика қалаларында 10 мыңға жуық ту ілінетін болады
ІІМ Қазақстан азаматтарын заңды және жол-көлік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →