×

Арзан билет алып үлгеріңіз: Ұлттық тасымалдаушының үш бағыты бойынша жеңілдік енгізілді

Арзан билет алып үлгеріңіз: Ұлттық тасымалдаушының үш бағыты бойынша жеңілдік енгізілді

2026 жылғы 1–30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізді. Жеңілдіктер белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:

№ 105/106 «Петропавл – Алматы»

№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады.

Жеңілдікпен билеттер www.bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →