×

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындай ма: Министрлік биылғы жоспарын жариялады

Ұлттық банк төрағасы шектілікті көтеруді жақтаған еді

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындай ма: Министрлік биылғы жоспарын жариялады
gov.kz

2026 жылы Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты мерзімінен бұрын алу үшін қажетті жеткіліктілік шектері көтерілмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жыл басынан бастап ең төмен жеткіліктілік шегінің (ЕЖШ) қазірдің өзінде көтерілгенін еске салды.

«Әлеуметтік кодекске сәйкес, келесі кезеңде қолданылатын жеткіліктілік шектері жаңа жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылуы тиіс», — деді Шегай мәжіліс кулуарларында.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев соңғы бес жылда тұрғындардың зейнетақы жинақтарынан шамамен 5 трлн теңге алғанын хабарлаған болатын. Оның ішінде 20-35 жас аралығындағы азаматтар шамамен 1 трлн теңге алып шыққан.

ЕЖШ-ны көтеру қажеттігін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 10 ақпанда жақтаған еді. Оның айтуынша, бұл зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →