×

Экологиялық ойлау трендке айналды: Астанада жастар сайысы өтті

Астанада экологиялық квиз өтті: жастар «ТазаҚазақстан» акциясына белсенді қатысты

 

Экологиялық ойлау трендке айналды: Астанада жастар сайысы өтті

Астана қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Global Green Hub компаниясының ecohub алаңында «ТазаҚазақстан» акциясы аясында жастарға арналған экологиялық квиз өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аталған бастама Zero Waste қозғалысы мен Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің қолдауымен жүзеге асырылды. Оған колледж және университет студенттері, сондай-ақ Astana Zhastar еріктілері белсенді қатысып, экология саласындағы білімдерін тексерді. Сонымен қатар, нақты тапсырмалар орындап, қоршаған ортаға әсер ететін күнделікті әрекеттерді саралады. 

Ойлы ойын барасында жаһандық температураның 1,5°C деңгейінде сақталуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар климаттың өзгеруіне қарсы күресте әр адамның рөлі маңызды екенін түсініп, күнделікті өмірдегі шағын әрекеттердің де үлкен өзгеріске әсер ететінін ұғынды.
Global Green Hub компаниясының басшысы Әсел Сейфуллинаның айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар жастардың саналы шешім қабылдауына және экологиялық жауапкершілікті сезінуіне жол ашады.


«Квиздің басты ерекшелігінің бірі – экология, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін авторлық экотехнологиялық ойлау әдіснамасының ұсынылуы болды. Бұл тәсіл жастарға тек білім алып қана қоймай, өздерінің экологиялық жобаларын ұсынуға мүмкіндік беред», - дейді ол. 

Ұйымдастырушылар мұндай интерактивті іс-шаралар жастарды қоршаған орта мәселелеріне тартудың ең тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті. Олар экологияны тек теория ретінде емес, өмір салты ретінде қабылдауға көмектеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін бір ғана қол жүгі кіреді
Қазіргі уақытқа дейін «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды
Эвакуациялау бойынша барлық жұмыс нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →