×

Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ATYRAU CREATIVE HUB ашылды

Атырауда креатив хаб іске қосылды
 

Атырауда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ATYRAU CREATIVE HUB ашылды

Атырау қаласында жастар мен шығармашыл қауымға арналған ATYRAU CREATIVE HUB өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылуына орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов хабқа арнайы барып, оның жұмысымен танысты, деп зхабарлайды Qaz365.kz

Жаңа орталық өңірдегі креатив индустрияны дамытуға, жас таланттардың әлеуетін арттыруға және заманауи идеяларды жүзеге асыруға бағытталған.

Хаб өкілі Дәурен Сейітқалиевтың айтуынша, мұнда медиа, дизайн, ІТ және кәсіпкерлік бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатысушылар өз жобаларын ұсынып, кәсіби мамандардан кеңес алып, түрлі шеберлік сағаттары мен оқыту тренингтеріне қатыса алады.

Еркін форматта өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Креативті индустриялар департаментінің директоры Айгерім Жонкина бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде еліміздің 20 өңірінде осындай креатив хабтар ашылып, жұмысын бастап үлгерген. Енді бұл қатарға Атырау қаласы да қосылып отыр.

Мамандардың пікірінше, креатив хаб шығармашыл жастардың жобаларын дамытуға, оларды коммерцияландыруға және кең аудиторияға танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл алаң стартап бастамаларды қолдауға және жаңа идеялардың іске асуына жол ашады.

Жаңа орталық жастардың белсенділігін арттырып, өңірдің шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға серпін береді деп күтілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Экологиялық ойлау трендке айналды: Астанада жастар сайысы өтті
Бүгін, 19:46

Экологиялық ойлау трендке айналды: Астанада жастар сайысы өтті

Астанада экологиялық квиз өтті: жастар «ТазаҚазақстан» акциясына белсенді қатысты  
2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін бір ғана қол жүгі кіреді
Қазіргі уақытқа дейін «KTZ Express» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды
Эвакуациялау бойынша барлық жұмыс нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →