Бірқатар санаттағы азаматтар паспортты тегін рәсімдей алады
«Азаматтарға арналған үкімет» МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.
Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚКО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.
Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
– Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
– ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
– баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
– баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).
Одан бөлек, паспортты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.