×

Досаев Алматыдағы кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты

Әкім қала тұрғындарымен кездесті

Досаев Алматыдағы кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты
liter.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев 13 сәуірде Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қарбалас кезіндегі кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әуезов ауданы тұрғындарының бірі әкімнен қарбалас кезіндегі кептеліс мәселесі неге шешілмей жатқанын сұрады. Ол бұл мәселемен экс-әкімдерге де жүгінгенін, бірақ шешім қабылданбағанын айтты.

"Қала әкімдігі мұнымен айналыспайтын сияқты әсер қалдырады. Алматыда маятник қозғалысы бар. Таңертең барлығы орталыққа келеді, кешке кетеді. Идея мынандай: бағдаршамдарды таңда бәрі орталыққа келетіндей, ал кешке керісінше бағыттайтындай басқару", - деп ұсыныс жасады Алматы тұрғыны.

Ерболат Досаев тұрғынды бұл мәселені әкімдік шешіп жатқанына сендірді.

"Қала бір орында тұрған жоқ. Біз қазір екінші кезеңмен айналысып жатырмыз. Жыл соңына дейін жалпы картина көрінеді деп үміттенеміз. Мұнда басқаруда жасанды интеллектті қолдану мәселесі тұр. Мұндай озық тәжірибе Алматыда ғана емес. Алматыда бағдаршамдарды ауыстыру жиілігі жасанды түрде реттеледі”, - деді Ерболат Досаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді
Бүгін, 17:07

Инновацияға 10 млрд теңгеге дейін: Алматы ғылым мен технологияға басымдық береді

Соңғы үш жылда ҒЗТКЖ шығындары екі еседен астам өсті
Кейбір ата-аналар балаларын еш жерге тіркемейді немесе арнайы ем алу мүмкіндігіне ие емес
Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →