×

МРТ және күрделі оталар МӘМС-тің аясына кіре ме – маман жауабы

Кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде де, МӘМС аясында да тегін көрсетіледі

МРТ және күрделі оталар МӘМС-тің аясына кіре ме – маман жауабы
Ашық дереккөздерден

Көптің көкейіндегі сауалға Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Гүлжан Шайхыбекова Ұлттық арна эфирінде жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«МРТ және басқа да зерттеу сараптамалары, сондай-ақ күрделі оталар Кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде де, МӘМС аясында да тегін көрсетіледі. Бірақ бүгінгі таңда ауруды алдын ала анықтау мақсатындағы қызмет түріне жататындықтан, МРТ жасау МӘМС аясында көбірек көрсетілуде. Сонымен қатар жоғары технологиялық медициналық көмектің де басым көлемі осы МӘМС жүйесі арқылы, ал онкология, нейрохирургия және қан тамырлары бойынша оталар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі», – деді Гүлжан Шайхыбекова Ұлттық арнада өткен «Жедел желі» бағдарламасында берген жауабында.

МӘМС жүйесі тақырыбының көпшілікті толғандыратыны анық. Бағдарлама жүргізушісі, журналист Армангүл Тоқтамұраттың айтуынша, эфир кезінде уатсапқа 1087, телеграмға 143, фейсбукке 57, инстаграммға 43 сұрақ жолданып, 5бейнесұрақ келген және 58 телефон қоңырауы түскен. Жауап беріп үлгермеген сауалдардың жауаптары қордың сайтында жарияланатыны айтылды.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақ тілін ұмытпаған». Германияға 26 жыл бұрын көшіп кеткен неміс таңқалдырды
Бүгін, 20:05

«Қазақ тілін ұмытпаған». Германияға 26 жыл бұрын көшіп кеткен неміс таңқалдырды

Ал неміс қария қырғыз жігітіне өзін таныстыра келе, қазақ емес екенін, Қазақстаннан келген неміс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →