×

БАҚ пен блогерлер жаңаөзендік наразылардың «жағымсыз бейнесін» қалай қалыптастырды

Әлеуметтік желі мен БАҚ бетінде Жаңаөзен жұмысшыларының наразылығына қатысты біржақты, жаңсақ пікір тарады

БАҚ пен блогерлер жаңаөзендік наразылардың «жағымсыз бейнесін» қалай қалыптастырды
Vlast/ Жанара Каримова

Әлеуметтік желі мен БАҚ бетінде Жаңаөзен жұмысшыларының наразылығына қатысты біржақты, жаңсақ пікір тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хабарлама мәтіні бір сарында : “700 мың теңге ұсынған екен”, “Өзенмұнайгаздан жұмыс сұрап отыр, бірақ ол жақта 9000 адам кезекте тұр”, “бұған Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген қандастар кінәлі” делінген.

Жаңаөзендіктерге қара күйе жағуға арналған Facebook-тегі блогер, журналистердің жазбасына 100-200 мың теңге ақша ұсынған.

Олар Жаңаөзен жұмысшыларын “қанағатсыз” деп көрсетуге тырысты. 700 мың теңгег жалақыдан өздері бас тартқанын және ұсынған ақша Қазақстандағы ресми орташа жалақыдан (338 мың теңгеден) екі есе көп екенін алға тартты. Ал жұмысшылардың бұл ұсыныстан неге бас тартып отырғанын жазбады. 

Осы тұста Маңғыстаудағы инфляция деңгейін де ескерген жөн. Өзге өңірлерге қарағанда, Маңғыстауда азық-түлік едәуір қымбат. Ұлттық банктің 2023 жылғы наурыз айындағы көрсеткіші бойыншаң ең жоғары жылдық инфляция Маңғыстауда тіркелген. Қазақстан бойынша азық-түлік ақпанда 26,2%-ға қымбаттаса, Маңғыстауда көрсеткіш 32,1%-ға жеткен. 

Одан бөлек, Жаңаөзен мұнайшылары жоғары жалақыны емес, тұрақты жұмыс беруді талап еткен еді. Олар тендер өткізу рәсімін өзгертуді сұрады. Себебі жұмысшылардың болашағы тендерді кім жеңгеніне тәуелді. Кезекті тендерден кейін бір-екі айдан соң мұнайшылар қайтадан жұмыссыз қалады. Тіпті жалақысы 1 миллион теңге, бірақ уақытша жұмыс болса, одан мәселе шешілмейтінін айтты. 

Астанада ұсталған жұмысшылар арнайы жасақтан таяқ жегенін, аяусыз ұрып соққанын мәлімдеді. Бірақ бұл туралы да еліміздегі тәуелсіз медиадан өзгелері хабарламады. Ал Ішкі істер министрлігінің өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Себебі оның сөзінше, ешкім бұл туралы арыз жазбаған.

Тағы бір манипуляция, ҚазМұнайГаз жұмысшылардың Өзенмұнайгаз компаниясынан тұрақты жұмыс беру талабы орынсыз екенін хабарлады. Себебі қазір компанияда 9 мың адам кезекте тұр. Бірақ жаңаөзендіктер мұның жалған екенін және ӨазМұнайГазға жалған ақпарат таратуын доғаруды сұрады. Себебі жұмысшылар мәлімдемесінде Өзенмұнайгаз компаниясын мысалға алып, сол жақтағыдай әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуді сұраған. 

Дереккөз: “Тіл кеспек жоқ” басылымы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →