×

Алматыда Райымбек даңғылы бойындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық көлік уақыт шектеуінсіз жүре алады

Алматыда Райымбек даңғылы бойындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі
Arthur Neupokoyev

Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылындағы автобус жолағы арқылы өтуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Ясауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жүруге рұқсат етіледі.

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық көлік уақыт шектеуінсіз жүре алады.

"Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі көлік легін тиімді құру үшін, сондай-ақ, қарбалас шақта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тесті режимінде енгізіледі. Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға тиіс", –  делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Бүгін, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →