×

Еркін өмірін тар қапасқа айырбастаған 22 жасар жігіт

Ол интернетте алаяқтық жасап, адамдардың қаржысын қаскөйлікпен жымқырып отырған

Еркін өмірін тар қапасқа айырбастаған 22 жасар жігіт
aikyn.kz

Қазақстандықтардың 4 млн теңгеге жуық қаржысын иемденген интернет-алаяқ сотталды, деп хабарлайдыqaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке  сілтеме жасап.

Наурыз айында СҚО полицейлері бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталғаны туралы хабарлады. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер оны тапсырыспен жиһаз жасау туралы интернеттегі жалған хабарландыру бойынша алдын ала төлем жасаған үш петропавлдық жүгінгеннен кейін ұстаған. Тергеу барысында полицейлер 51 эпизод бойынша барлық жәбірленушілердің ортасын анықтады. Алаяқтық қармағына еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары іліккен. Қазақстандықтар қаскөйге 4 миллионға жуық теңге аударған.

“Жыл басынан СҚО-да 649 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Соның ішінде 250-ден астамы интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты. Сатушының адалдығына жүз пайыз көз жеткізбейінше, алдын ала төлем жасамауды сұраймыз”, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің (Алаяқтық) санкциясына сәйкес, сот оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал бұрын жасаған мүліктік қылмыс үшін жазаның өтелмеген бөлігін ескере отырып соңғы үкім 6 жыл 4 айды құрады.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →